Magnum мен Small азық-түлік бағасын «қымбаттатпаймыз» деп сөз берді
Жарияланды

Алматы қаласында Magnum, Small және Toimart сауда желілері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны негізсіз көтермеуге міндеттеме алды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ритейлерлер мен әкімдік арасында қол қойылған меморандум шеңберінде жыл соңына дейін сауда үстемесі 15%-дан аспауы тиіс.
«Құжаттың мақсаты – баға тұрақтылығын сақтау, тұрғындарға қолдау көрсету және бірінші қажеттіліктегі тауарлардың алыпсатарлық жолмен қымбаттауына жол бермеу», – делінген хабарламада.
Әкімдік мәліметінше, бағаны тұрақтандыру мақсатында отандық өндірушілерден тікелей жеткізілімдер ұйымдастырылған. Атап айтқанда:
- құс еті «Алатау-Кұс», «Отан Грин Фуд» және «Наурыз Агро» кәсіпорындарынан;
- бірінші санаттағы жұмыртқа «Сары-Бұлақ» фабрикасынан;
- күріш «Асыл Дән» компаниясынан;
- қант «КаистИнвест» зауытынан жеткізіледі.
Бұл шаралар баға қысымын төмендетіп, нарықтағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған.