Канадалық компания Қонаев қаласында зауыт салмақ

Таяу Шығыстың жетекші азық-түлік холдингтерінің бірі – Solico Group Қазақстанда өндіріс ашуға кірісті. Компания Алматы облысындағы Қонаев қаласында заманауи ірімшік зауытын салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы баспасөз қызметі хабарлады.
Кәсіпорын тәулігіне 100 тоннаға дейін өнім өндіретін болады және «Made in Kazakhstan» белгісімен шығарылған сүт өнімдерін Орталық Азия, Ресей және Қытай нарықтарына экспорттауға мүмкіндік береді.
Бұл жоба өңірдің агроөнеркәсіп саласын дамытуға серпін беріп, елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.
1973 жылы құрылған Solico Group бүгінде әлемнің 35 елінде ұсынылған 2 мыңнан астам өнім түрін шығаратын трансұлттық компанияға айналды.
Холдингтің құрамында Иран, Ирак, БАӘ аумағында орналасқан 25 өндіріс орны, 30 еншілес компания және 27 мыңнан астам қызметкері бар. Компанияның танымал брендтері қатарында Kalleh, Pemina, Shams, Sorbon, Castle бар.
Kalleh Dairy Euromonitor дерегі бойынша миллиардтық айналымы бар әлемдегі 50 жетекші сүт бренді қатарына енген.
Қазақстан нарығына Solico Group өнімдерін қазір «MehKAz» компаниясы жеткізеді. Компания Kalleh, MAK және Sorbon брендтерімен танымал.
Бұған дейін канадалық компания Маңғыстауда сұйытылған газ бен метанол өндіретін зауыт салатыны хабарланған.
