Финляндия президенті «Астананың» адал жанкүйері болып шықты
                    
                                                    Жарияланды 
                                            
                                    
                                    
                
                                    
                
                            
Финляндия президенті «Астана» велокомандасының жейдесі үйінің төрінде әлі күнге сақтаулы тұрғанын мәлімдеді.
Оның сөзіне қарағанда, Александр Стуббқа аттасы, аты аңызға айналған велошабондоз Александр Винокуров тарту еткен көрінеді.
«Қазақстандықтардың қонақжайлығы ерекше есімде қалды. Әсіресе, Астанаға алғаш рет келгенімде үздік велошабандоздарыңызбен бірге жаттығудың сәті түсті. Олар маған кәдесый ретінде Александр Винокуровтың қолы қойылған «Астана» велокомандасының жейдесін сыйға тартты. Мен үшін өте құнды бұл жейде үйімнің төрінде әлі күнге сақтаулы тұр», – деді Александр Стубб.
Мұның алдында Тоқаев Финляндия Президенті Александр Стуббтың сапарының маңызын атап көрсеткен болатын.
