Сауда орталығында іш киіммен жүгірген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жарияланды (жаңартылды )
​​General news бөлімінің тілшісі
Сауда орталығында іш киіммен жүгірген ер адам 15 тәулікке қамалды / Фото: Shutterstock

Астанада 28 қазанда сауда орталығында бұзақылық жасаған ер адамды сот 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Елордалық әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың мәліметінше, оқиға 2025 жылдың 21 қазанында болған. М. есімді азамат «маған пәтер бер!» деген плакат ұстап алыа, сауда орталығында іш киіммен жүрген. Оның әрекеттері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігі «Ұсақ бұзақылық» бойынша сараланды.

«Сотта М. кінәсін мойындап, өкініп, Астанада пәтер ұтып алу үшін назар аударғысы келетінін түсіндірді. Бұған дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған», – делінген соттың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Істің мән-жайын ескере отырып, сот ер адамды кінәлі деп тауып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз