Ринат Зайыт ЛГБТ өкілдерін «жексұрын» деп атады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: коллаж Kursiv Media

Заңға ЛГБТ өкілдеріне өзінің жыныстық ерекшелігі жайлы тыйым салатын, үгіт-насихат жасауына рұқсат бермейтін өзгерістер енгізілуі мүмкін. Бұл туралы кулуарда депутат Ринат Зайыт айтты.

«Сәл іздейтін болсаңыз, түрлі телеграм-арналар бар. Балаларға насихаттайтын жексұрындар бар, хат жіберетін адамдар бар. Ең бірінші осы үгіт-насихатты тыю керек», – деді ол кулуарда журналистердің сұрағына.

Зайыттың сөзінше, ЛГБТ өкілдерінің әлеуметтік желілерде тікелей эфирге шығуына, сахнаға шығуына да тыйым салуы мүмкін. Тіпті тойларда түрлі шоу көрсететін ЛГБТ өкілдерінің үстінен шағым түссе қаралуы керек деген пікірін айтты.

«Бізде мысалы мынаны жасауға болмайды деген діни үгіт-насихатқа тыйым бар ғой. Сол сияқты қазір балаларды қорғау міндетіміз ғой», – деді депутат.

Күні кеше ғана мәжіліс депутаттары ЛГБТ насихатына тыйым салуды заңмен реттеу керек деген еді. Депутат Наталья Дементьеваның сөзінше, кинода, жарнамада және әлеуметтік желілерде ЛГБТ насихатына тыйым салу керек. Бұл балаларды қорғау үшін қажет деп түсіндірді ол.

ЛГБТ пропагандасына тыйым салу бүгін көтеріліп отырған бастама емес. Бір жыл бұрын Асхат Аймағамбетов пен Жанарбек Әшімжан «Масс-медиа туралы» заңға түзету енгізіп, бұқаралық ақпарат құралдарына «ЛГБТ өкілдерінің насихаты туралы жазуға» тыйым салуды ұсынған.

Сондай-ақ оқыңыз