Трамп ядролық қаруды шұғыл түрде сынауға бұйрық берді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Трамп Пентагонға ядролық қаруды сынау процесін жеделдетуге пәрмен берді / Фото: shutterstock
Трамп Пентагонға ядролық қаруды сынау процесін жеделдетуге пәрмен берді / Фото: shutterstock

АҚШ президенті Дональд Трамп Пентагонға ядролық қаруды сынау процесін жедел бастау туралы бұйрық бергенін хабарлады.

Интерфакс ақпаратына қарағанда, ол АҚШ-тың мұндай қаруы басқа елдермен салыстырғанда әлдеқайда көп екенін алға тартқан.

«Басқа елдердегі сынақ бағдарламаларына байланысты мен Қорғаныс министрлігіне өзіміздің ядролық қаруымызды тең деңгейде сынауды бастауға тапсырма бердім. Бұл процесс дереу басталады», – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

«АҚШ-та кез келген басқа елге қарағанда көбірек ядролық қару бар», – деді америкалық президент. Ол алғашқы президенттік мерзімінде ядролық арсеналды жаңартумен айналысқанын атап өтті.

Мұның алдында Трамптың Қытайға көрсеткен сесі нарықты қайта шайқалтқаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз