Halyk Bank Airba Fresh фудтех-компаниясының үлесін сатып алуы мүмкін

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің редакторы
Фото: Яндекс карта, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Halyk Bank Airba Fresh фудтех-компаниясының үлесін сатып алуы мүмкін. Қазір келіссөз жүріп жатыр. Бұл туралы Forbes Kazakhstan дереккөзіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Басылымның жазуынша. мәміле шамамен 40 млн АҚШ долларына бағаланып отыр және сервис банктің цифрлық экожүйесіне кіруі мүмкін. Алайда бренд Airba Fresh сақталады.

Airba Fresh сервисін 2022 жылдың соңында «Технодом» желісінің негізін қалаушы Эдуард Ким құрған. Қазіргі кезде компанияны ұлы Даниэль Ким басқарады.

Айта кетерлігі, банктың өзінде қазір Halyk Fresh деген сервис бар, бірақ ол Airba Fresh компаниясына ешқандай қатысы жоқ.

Бұл келісім потенциалды тұрғыда Қазақстандағы e-grocery нарығындағы трендті жалғастырады. Бұған дейін Kaspi Magnum компаниясымен бірлесіп осындай сервис дамытса, Freedom Holding осы жылы Arbuz онлайн-супермаркетіндегі үлесін 100%-ға жеткізген.

PwC мәліметіне сәйкес, 2024 жылы Қазақстандағы e-commerce нарығы 3,4 трлн теңгеге жетіп, жыл сайын 42% өскен. Сарапшылардың пікірінше, дәл осы e-grocery сегменті қаржы және технология компанияларының бірігуі арқылы ең үлкен өсім әлеуетіне ие.

Қазіргі уақытта Airba Fresh тәулігіне онлайн жеткізілім арқылы шамамен 1500 тапсырыс өңдеп, 2000-нан астам чек тіркейді.

Halyk Bank биыл жазда Өзбекстандағы ең танымал төлем жүйесінің 49 пайыз үлесін сатып алған.

Сондай-ақ оқыңыз