Мұғалім оқушысынан жүкті болып қалды

Жаңа Зеландияда мұғалім оқушысынан жүкті болып қалды. Мән-жай анықталған соң, мұғалімнің лицензиясы дереу тоқтатылды.
NZ Herald басылымының ақпаратына қарағанда, әйел сабақ берген мектепте медициналық мәселелері бар балалар мен құқық бұзған жасөспірімдер оқыған.
Мұғалімнің көңілі ауған
Мұғалім 17 жастағы заң бұзған оқушыға ерекше көңіл бөле бастапты. Кейін ол сол оқушыға қамқоршы болып ресми түрде бекітілген.
Қамқоршы мәртебесін алғаннан кейін жасөспірім кепілмен босатылып, мұғалімнің үйіне көшуіне рұқсат берілген.
Бірнеше айдан соң олардың арасында романтикалық қарым-қатынас орнаған. Сол кезде оқушы балаға мұғалім тікелей сабақ бермеген.
Оқушысынан бала көтерген
Десе де, ол әлі кәмелет жасына толмаған еді. Мұғалімнің жасы 35-те болған. Көп ұзамай ол жүкті болған.
Кейін жасөспірім кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға арналған орталыққа ауыстырылған. Мұғалім оны іздеп барған кезде олардың қарым-қатынасы әшкере болды. Мектеп бұл жағдай туралы мұғалімдерге арналған тәртіптік трибуналға хабарлаған.
Тәртіп бұзушылық деп таныды
Трибунал әйелдің оқушысына қамқоршы болып, онымен қарым-қатынас орнатқанын тәртіп бұзушылық деп таныды. Оны педагог ретінде тіркеуден шығаруға шешім қабылдаған.
Трибунал құжаттарында олардың әлі де қарым-қатынасты үзбегені жазылған.
Сондай-ақ, Түркістанда «оқушыны азғырған» мұғалімнің бас бостандығынан айырылғаны туралы жазған едік.