2026 жылдан бастап интернет тауарын жеткізетін компаниялар салық органына есеп береді

Қаржы министрлігі интернет арқылы сатылатын тауарларды жеткізумен айналысатын компанияларға арналған жаңа есеп беру формасын бекітті. Тиісті бұйрыққа қол қойылды, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Құжатқа сәйкес, онлайн сатып алынған тауарларды жөнелтетін, тасымалдайтын немесе жеткізетін барлық ұйымдар мен сервистер салық органдарына жеткізілген және жөнелтілген тауарлар туралы мәлімет беруге міндетті болады.
Бұл ақпаратты мемлекеттік кірістер органдарының сұранысын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсыну қажет.
Интернет-дүкен тауарларын жеткізуге қатысатын барлық компаниялар есеп беруге міндетті. Атап айтқанда курьерлік қызметтер, көлік операторлары, пошталық компаниялар мен логистикалық сервистер, оның ішінде халықаралық платформалармен жұмыс істейтіндер де қамтылған.
Жаңа есеп беру формасының енгізілуі онлайн-сауданың және шекарааралық сатып алулардың қарқынды өсуімен байланысты. Сарапшылардың мәліметінше, Қазақстанда e-commerce көлемі жыл сайын артып келеді. Осыған байланысты мемлекет тауар айналымының ашықтығын арттырып, шетелден жеткізілетін тапсырыстарға қатысты «көлеңкелі» схемаларды жоюды көздеп отыр.
Айта кетейік тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті интернет-дүкендерден сатып алынған тауарлар бутиктер мен сауда орталықтарынан алынған тауарлар сияқты қайтарылатынын еске салды. Атап айтқанда, тапсырыс кеш жеткізілсе немесе себебін түсіндірместен екі апта ішінде тұтынушы тауарды кері тапсырып, ақшасын қайтара алады.
