Қаржы министрлігі «жаңа қаржы бағдарламасы» іске қосылғанын жоққа шығарды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Қаржы министрлігі жаңа бағдарлама жалған екенін айтты / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай

Қаржы министрлігі «жаңа қаржы бағдарламасы іске қосылды» деген хабарлама шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Министрлік бұл ақпараттың жалған екенін және ведомствоның оған еш қатысы жоқ екенін ресми түрде хабарлады.

Министрлік азаматтарға ескерту жасай отырып, мекеме әлеуметтік желі, мессенджер немесе түрлі сайттар арқылы ешқандай төлем жасамайтынын, инвестициялық не грант бағдарламаларын жүргізбейтінін атап өтті.

Ресми бастамалар тек мемлекеттік органдардың ресми сайттарында жарияланады. Сондықтан министрлік азаматтарға күдікті сілтемелерге өтпеу, жеке деректерін енгізбеу және бейтаныс адамдардың шотына ақша аудармауға кеңес береді.

Егер күмәнді жағдайлар кездессе, құқық қорғау органдарына немесе «1414» бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады.

Бұған дейін қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарға ескерту жасап, телефон және интернет алаяқтарынан сақ болуға шақырған.

Сондай-ақ оқыңыз