12 жастағы оқушы қызды зорлады деген күдікпен бір жасөспірім ұсталды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
оқушы қыз
Фото: shutterstock

Алматы облысы Ынтымақ ауылында 12 жастағы оқушы қызды зорлады деген күдікпен жасөспірім ұсталды. Бұл туралы өңірдің полициясы хабарлады.

Құзырлы мекеменің мәліметінше, Ынтымақ ауылында оқушы қызды зорлау оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалған. Күдікті қамауда отыр.

«Күдікті – кәмелет жасқа толмаған бала ұсталып, уақытшы тергеу изоляторына қамалды. Сот оны қамауда ұстау жөнінде бұлтартпау шарасын қабылдады. Қазір тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өңір полициясы осы істі ерекше бақылауға алды. Бұған қоса, күдіктінің заңды өкілдері де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға бала тәрбиесіне қатысты ата-ана міндетін дұрыс атқармады деген айып тағылған.

Естеріңізге сала кетейік, қазанның ортасында Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушы қыз алпыстан асқан өгей атасынан босанған.

Қазанның басында Түркістан облысында туысқан мүгедек інісін зорлаған ағайынды жігіттер 9 жылға сотталған.

2025 жылғы жазда осы өңірдегі психикалық орталықта «екі қызды зорлаған» санитарлар 15 жыл түрме жазасын алған.

Сондай-ақ оқыңыз