Ұлттық кітапхана: Әуезов кабинеті жабылған жоқ

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ұлттық кітапхана Әуезов кабинеті жабылмайтынын мәлімдеді / фото: Ұлттық кітапхана
Ұлттық кітапхана Әуезов кабинеті жабылмайтынын мәлімдеді / фото: Ұлттық кітапхана

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы Мұхтар Әуезовтің ғылыми-зерттеу кабинеті жабылады деген ақпаратты ресми түрде теріске шығарды.

Ұлттық кітапхананың хабарлауынша, 2014 жылы жазушының отбасы мен кітапхана бастамасымен ашылған бұл бөлім бүгінде де жұмысын жалғастырып жатыр.

«Кабинеттің негізгі мақсаты – классик жазушының бай мұрасын зерттеп, оны көпшілікке кеңінен таныту. Мұнда қаламгердің еңбектері мен ол туралы жазылған материалдар жинақталған», – делінген хабарламада.

2025 жылдың мамырында Ұлттық кітапханада өткен Мұрат Әуезовті еске алу кешінде қызы Зифа-Алуа шығармашылық мұраны насихаттау ісі жалғаса беретінін айтқан. Ал қыркүйек айында Алматы әкімдігі жазушы немересінің бастамасын қолдап, оның есімін Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №4 филиалға беру туралы шешім қабылдаған.

Ұлттық кітапхананың мәліметінше, жаңа кітапхана ашылар алдында ғылыми кабинетте уақытша сақталған жеке мұралар мен кітаптар аталған мекемеге табысталған.

«Алайда бұл – Ұлттық кітапхана жанындағы ғылыми кеңсенің жабылуы емес. Ол бүгінде оқырман мен зерттеушіге қызмет көрсетуді жалғастырып, экскурсиялық бағытқа енгізілген маңызды мәдени нысан ретінде сақталып отыр», – деп хабарлады Ұлттық кітапхана.

Мұның алдында Алматыда жаңа кітапханалар, мұражайлар мен театрлар салынатыны туралы хабарлаған едік.

Сондай-ақ оқыңыз