Футбол федерациясы Диас Төлеудің өліміне қатысты түсініктеме берді

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Давид Лория: әлемде мұндай қайғылы жағдайлар жиілеп кетті / Фото: KFF

Қазақстан футбол федерациясы матч кезінде көз жұмған Диас Төлеудің қазасына қатысты пікір білдірді.

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бас хатшысы Давид Лория өлім себебі әлі анықталып жатқанын айтты.

«Иә, бұл біз үшін үлкен қайғы, өйткені жас жігіттің денісаулығы жақсы болған, өзін жақсы сезінген еді. Тіпті видеодан көріп тұрғанымыздай, оны тасып бара жатқанда есінде болды, тек өзін нашар сезінген. Өкінішке қарай, әлемде мұндай қайғылы жағдайлар жиілеп кетті, тіпті балалар толық әрі терең медициналық тексеруден өтеді, дені сау болады. Неліктен мұндай жағдайлар болатынын зерттеу керек. Нақты ақпарат анықталған соң, хабарлаймыз», – деді Давид Лория үкіметі кулуарында.

Еске сала кетейік, 16 қараша күні кешке бірінші футбол лигасында ойнайтын «Хан Тәңірі» клубының ойыншысы Диас Төлеу матч кезінде есінен танып, ойын алаңында қайтыс болған.

Сондай-ақ оқыңыз