Екі облыстағы республикалық трассада қозғалыс шектелді
Жарияланды

Абай және Павлодар облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық автожолдың екі учаскесінде қозғалыс шектелді.
Абай облысында
Қозғалыс ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы автожолында 587-733 км, Павлодар облысының шекарасынан Семей қаласына дейінгі учаскеде шектелді.
Павлодар облысында
ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы, 427-587, Кенжекөл ауылынан Абай облысының шекарасына дейінгі автожолда қозғалыс шектелді.
Шамамен жолдар 5 қарашада сағат 7.30-да ашылады.
Автожолдардың жай-күйі туралы қосымша ақпаратты тәуліктің кез келген уақытында call-орталықтың 1403 телефоны арқылы білуге болады.