Жаңа Chery Arrizo 6 көлігінің таңғалдырар бағалары

Қазақстанда ресми түрде Chery Arrizo 6 моделі таныстырылды. Жаңа «халық седаны» атағына үміткер автокөлік Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында шығарылады және ресми дилерлік орталықтарда 8 490 000 теңгеге қолжетімді.
«Жаңа Chery Arrizo 6 технология, дизайн және тиімділіктің үйлесімін ұсынып, сонымен бірге қалың көпшілікке қолжетімді болып қала береді. Жаңа модель брендтің Қазақстан нарығындағы орнын нығайту және өз сегментіндегі ең тартымды ұсыныстардың біріне айналу үшін жасалған», – деді Astana Motors құрамына кіретін Қазақстандағы Chery дистрибуциясының директоры Нұрлан Шамғонов.

Жаңа модельдің тұсаукесері қала сыртында, Алматы маңындағы көркем жерде өтті. Қатысушылар бір күнін автокөлік қауымдастығының ортасында өткізіп, Chery Arrizo 6 мүмкіндіктерімен жақынырақ танысып, бренд сарапшыларымен жаңа көліктің ерекшеліктерін талқылады.

Chery Arrizo 6 моделі 1,5 литрлік TCI турбо қозғалтқышымен жабдықталған. Ол орташа отын шығынымен динамикалық үдеуді қамтамасыз етеді. 6 сатылы DCT роботты беріліс қорабымен жұптастырылған қуат қондырғысы үйлесімді жұмыс пен берілістің бірқалыпты ауысуын жүзеге асырады. Тәуелсіз алдыңғы және жартылай тәуелді артқы аспалар әртүрлі жолдарда тұрақтылық пен жайлылықты қамтамасыз етеді.

Chery Arrizo 6 интерьері брендтің заманауи стиль мен жайлылыққа деген ұмтылысын көрсетеді. Барлық жерде эко-былғары сияқты жоғары сапалы материалдар қолданылған. Стандартты жинақтамаға алдыңғы орындықтарды жылыту жүйесі, көп функциялы руль, CN95 сүзгісі бар электр кондиционер, сымсыз Apple CarPlay және Android Auto қосымшасын қолдайтын қос 10,25 дюймдік цифрлы аспаптар тақтасы мен мультимедиялық жүйе кіреді.

Модельдің қауіпсіздігі Chery брендінің жоғары стандарттарына сәйкес келеді. Chery Arrizo 6 седаны ESP тұрақтандыру жүйесі, ABS тежегіш жүйесі, алдыңғы қауіпсіздік көпшігі, артқы көрініс камерасы, артқы тұрақ сенсорлары және AutoHold функциясы бар электронды тұрақ тежегішпен қамтылған.
Толық ақпаратты Қазақстандағы Chery ресми дилерлік орталықтарынан және 7007 нөмірі арқылы білуге болады.
Серіктес материалы