Қазыбек Нөгербек Әлем чемпионынан жеңілді

21 жастағы қазақстандық шахматшы Қазыбек Нөгербек әлем кубогының 1/64 финалының екінші партиясында Үндістаннан келген шахмат королі Гукеш Доммарадждан ұтылды. Қазақстандық үшін Гоа турнирі аяқталды.
Бір күн бұрын Қазыбек қарсыласымен тең түскен. Соңғы Хандары қалғанға дейін ойнап, тең тарқасуға келіскен. Ал бүгін шамамен 20-шы айналымға дейін ойын тең болды. Содан кейін үндістандық чемпион басымдық алып, 50-ші айналымға Гукештің жеңісі айқындалып, 59-шы қадамда Қазыбек берілуге мәжбүр болды.
Тағы бір отандасымыз Әлішер Сүлейменов кешегі партияда тең түсіп, бүгін жеңілді. Ал Денис Махнев болса, бүгін өзбекстандық Нодирбек Абдусатторовпен тағы да тең тарқасты. Классикалық партиялардан кейін 1:1 ұпайы гроссмейстерлердің ертең жылдам шахмат өткізетінін білдіреді.
Алайда бұл оңай ойын болмас, себебі оның қарсыласы 2021 жылы Варшавада рапидтен әлем чемпионы болған. Ол ойында норвегиялық Магнус Карлсен мен Ян Непомнящийді жеңген.