Астанада базар өртеніп жатыр

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
өрт пожар fire shutterstock
Фото: shutterstock

6 қарашада таңертең Астана қаласындағы базарлардың бірі өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, базар елорданың Сарыарқа ауданындағы Ы. Дүкенұлы көшесінде орналасқан. Қазір астаналық өрт сөндірушілер көтерме-бөлшек сауда базарындағы өртті сөндіріп жатыр.

Нақты мәліметтер бойынша ангар үлгісіндегі бір қабатты ғимараттағы екі бутик өртенді.

Оқиға орнында жедел штаб жүр. Оқпандар енгізілді, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.

Өрт сөндірушілер келген кезде от лаулап тұрды. Оның үстіне ғимарат құрылысының ерекшеліктеріне байланысты өртті сөндіру қиындады. Бұған қоса қатты түтін өрт сөндірушілерге кедергі жасады.

Құтқарушылар ғимаратта адамдардың бар-жоғын тексерді. От тұтанған сәтте оның ішінде ешкім болмаған.

Бейсенбі күні таңертең сағат 08:10-да базардағы өрттің таралу қаупі бәсеңдеп, ашық жалын ауыздықталды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл жазда Астанада BIG Шанхай сауда үйі өртеніп, жүздеген кәсіпкер зардап шеккен еді.

Сондай-ақ оқыңыз