Рүстем Омаров Джеки Чанның фильміне түседі

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Рүстем Омаров, Джеки Чан / фото: Salem Entertainmet

Белгілі қазақстандық актер, продюсер Рүстем Омаров Джеки Чанның әйгілі «Құдай сауыты: Ультиматум» фильміне түседі. Әрі осы жобаға сценарист ретінде қосылмақ. Бұл туралы ол Salem Entrertainment агенттігі хабарлады.

«Мен бақыттымын. Балалық шағымның кумирі Джеки Чанмен бірге түсемін», – дейді актердің өзі.

Еске салайық, осы жылы күзде Джеки Чан Қазақстанға келіп, агенттік өкілдерімен кездескен. Кейін анықталғандай, «Құдай сауыты» фильмінің төртінші бөлімі Қазақстанда түсірілмек екен.

Жаңа фильм режиссері Роберт Кун болады. Оның кандидатурасын Джеки Чан жеке өзі таңдаған. Түсірілім келесі жылы көктемде басталады.

Сондай-ақ оқыңыз