Ұлттық қордағы қаржы 35,8 трлн теңгеге жетті

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Ұлттық қордың ақшасын
Ұлттық қорға қанша қаржы түсті / Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2025 жылдың 1 қарашасына қарай Қазақстанның Ұлттық қорындағы қаржы 35,8 трлн теңгеге жетті. 10 айда қорға 5,6 трлн теңге түсіп, 4,6 трлн теңгесі жұмсалған. Бұл туралы Қаржы министрлігінің ресми есебінде көрсетілген.

Есепті кезеңде 5,6 трлн теңге қаржының негізгі бөлігі мұнай секторынан түскен. Мұнай компанияларынан алынған тікелей түсімдер 3,1 трлн теңге шамасында болды. Оның ішінде:

  • корпоративтік табыс салығы – 1,1 трлн теңге,
  • үстеме пайдаға салынатын салық – 35 млрд теңге,
  • бонустар шамамен 1,1 млрд теңге.

Бұған қоса, мұнай секторы ұйымдары келтірген зиянның орнын толтырудан 10,4 млрд теңге, жер учаскелерін сатудан 1,1 млрд теңге, республикалық меншікті жекешелендіруден түскен қаражат 979 млн теңге болды.

Сондай-ақ қорды басқарудан түскен инвестициялық кіріс 2,48 трлн теңгені құрады.

Шығыны қандай

2025 жылдың 1 қарашасына дейін Ұлттық қордан жалпы 4,57 трлн теңге жұмсалды. Оның ішінде:

  • кепілдендірілген трансферт – 2 трлн теңге;
  • нысаналы трансферт – 2,54 трлн теңге;
  • қорды басқаруға және сыртқы аудит жүргізуге бөлінген шығындар – 36,8 млрд теңге.

Ұлттық қордың негізгі міндеті – мұнайдан түсетін табысты жинақтап, оны болашақ ұрпақтың игілігіне пайдалану және ел экономикасын тұрақтандыру. Сондықтан 2026 жылдан қордан алынатын қаржы шектелмек. Үкімет келер жылы тек 2,7 трлн теңге алуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз