Қазақстан мен АҚШ минералдар бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан мен АҚШ маңызды минералдар саласындағы өзара келісім туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Ақорда ақпаратына сүйенсек, құжатқа қол қоюға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысты. Меморандум Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы маңызды пайдалы қазбалар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Қазақстан тарапынан құжатқа өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, Америка тарапынан — АҚШ сауда министрі Ховард Латник қол қойды.
Қазақстан президенті АҚШ-қа 6 қарашаға қараған түні Астана уақытымен келді. Мемлекет басшысын АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау қарсы алды. 7 қарашада Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамппен келіссөздер жүргізеді деп күтілуде.
Бүгін Қазақстан президенті АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен және АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серхио Гормен кездесу өткізді.