Тоқаев таңғы 4-те Трамппен кездеседі

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Токаев Трамп
Тоқаев таңғы 4-те Трамппен кездеседі / Фото: @ruslanzheldibay

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу өткізеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, екі ел басшыларының келіссөзі Астана уақыты бойынша сағат 04:00-де (Вашингтон уақыты бойынша сағат 18:00-де) өтеді. Баспасөз қызметі алдағы кездесу туралы ақпаратты растады. Және бұл кездесу Тоқаевтың АҚШ-қа ресми сапарының бір бөлігі екенін атап өтті.

Америка көшбасшысымен екіжақты кездесуден бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев саяси диалогты дамытуға және өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған «Орталық Азия–АҚШ» саммитіне де қатысады.

Қазақстан президенті АҚШ-қа 6 қарашаға қараған түнде келді. Оны АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау қарсы алды.

Өз сапары аясында Қазақстан президенті АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен және АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серхио Гормен кездесу өткізді.

Сондай-ақ оқыңыз