Парламент депутаттығына үміткер ер адамға балтамен шабуыл жасап, қолын шаппақ болған

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Парламент депутаттығына үміткер әйелінің басқа ер адаммен хат жазысып жүргенін біліп қалған / фото: shutterstock
Парламент депутаттығына үміткер әйелінің басқа ер адаммен хат жазысып жүргенін біліп қалған / фото: shutterstock

Парламент депутаттығына үміткер ер адамға балтамен шабуыл жасап, қолын шаппақ болған. Бұл туралы қала ІІБ баспасөз қызметі хабарлады.

24 kg ақпаратына қарағанда, Бішкекте ер адамға балтамен шабуыл жасағаннан кейін Жогорку Кенеш депутаттығына кандидат ұсталды.

Мәліметке сүйенсек, 6 қараша күні шамамен сағат 17:34-те Ленин аудандық ІІБ кезекші бөліміне Ұлттық госпитальдің микрохирургия бөлімінен 35 жастағы азаматтың жапа шеккені туралы хабар түскен. Оның сол қолының екінші саусағы балтамен шабылған. Сүйегі сынғаны анықталды.

Жәбірленуші полицияға жазбаша арыз түсірген. Ол 6 қараша күні шамамен сағат 13:30-да Бішкектегі Асаналиев көшесіндегі үйлердің бірінде жанжал болғанын айтқан. ІІБ мәліметінше, 43 жастағы үй иесі әйелінің басқа ер адаммен хат жазысқанын біліп қалған. Қызғаныштан өзімен бірге алып жүрген спорттық сөмкесінен балта шығарып, «екеуіңді де өлтіремін» деп қорқытып, шабуыл жасаған.

Бірінші соққы жәбірленушінің сан тұсынан тиген. Екінші соққысын сол қолының сұқ саусағына сілтеген.

Оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіруге оқталу» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ІІБ мәліметінше, ол көпмандатты №27 сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат болып тіркелген. Орталық сайлау комиссиясының деректеріне сәйкес, күдіктінің аты-жөні 1982 жылы туған кандидат Қанат Шабданбаевтың деректерімен сәйкес келеді.

Мұның алдында Қырғызстанда ректорларды сайлау алдындағы үгіт-насихатқа араласпауға шақырған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз