«Самұрық-Қазына» ҚТЖ-ның жарғылық капиталын 3,8 млрд теңгеге арттырады

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
ҚТЖ бір жай акциясын 385 млн теңгеге сатып жатыр / Фото: kursiv.media архиві

«Қазақстан темір жолы» АҚ бір жай акциясын 385 млн теңгеге биржаға шығарды. ҚТЖ-ның жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» қоры осы акцияларды басым құқықпен сатып алып, жарғылық капиталын арттырады.

10 акция орналастырылатынын компания Қаржы есептілігі депозитарийінде жариялады. Акциялар саудаға директорлар кеңесінің шешімімен шыққан.

«ҚТЖ жалғыз акционерінің акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру жолымен бір жай акция үшін 385 505 300 теңге орналастыру бағасы бойынша жарияланған акциялар саны шегінде 10 жай акцияны орналастырсын», – делінген хабарламада.

Бұған дейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы (ҚТЖ) 2026 жылдың екінші жартысында қосарланған IPO өткізуді қарастырып отырғаны хабарланған еді. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, компания өз акцияларын бір уақытта Лондон қор биржасы мен Қазақстан қор биржасында орналастырмақ.

Болжам бойынша, IPO көлемі 10 млрд АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін. Консультанттар ретінде халықаралық қаржы алпауыттары: Citigroup, JPMorgan және Société Générale компаниялары тартылған.

Сондай-ақ оқыңыз