Қырғызстанда жыл сайын 2,5 мың адам арақтан өледі

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Фото: kursiv.media архивінен

Қырғызстанда жыл сайын 2,5 мың адам арақтан өледі. 200-ден астам адам ауруға шалдығып, денсаулығын құртады.

24 kg ақпаратына қарағанда, ішімдік бауыр циррозы, қатерлі ісік, жүрек-қан тамырлары аурулары мен психикалық бұзылыстар тудырады.

Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, елдегі өлім-жітімнің 80%-дан астамы жұқпалы емес аурулармен байланысты. Олардың әрбір оныншысы – алкогольдің салдары.

Жыл сайын Қырғызстанда шамамен 2,5 мың адам ішімдіктің кесірінен көз жұмады.

Сонымен қатар ішімдік  елдегі барлық өлімнің шамамен 11%-ына және жол-көлік апаттарынан болған әр алтыншы өлімге себеп болады.

Елдің денсаулық сақтау министрлігі атап өткендей, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алкогольге акциз салығын көтеруді ішімдік тұтынуды азайту және жұқпалы емес аурулардың алдын алу мақсатындағы ең тиімді экономикалық шаралардың бірі деп есептейді.

Мәселен, Атырау облысында 50-ден астам ауыл ішімдіктен бас тартып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз