Жаңа жыл қарсаңында алматылықтар арнайы жарысқа қатыса алады
Жарияланды

Алматыда жаңа жылдық костюммен жүгіру жарысы өтеді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Minimarathon.Kz биыл бесінші рет өткелі жатыр.
Жоспар бойынша іс-шара 2025 жылы 28 желтоқсанда Алатау ауданындағы Almaty Arena кешені маңында өтеді.
«Қатысушылар 2026 метрлік символдық қашықтықты еңсеріп, карнавалды костюм киіп, жаңа жылды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алады», – делінген ақпаратта.
Жарысқа әртүрлі жастағы және мүмкіндігі шектеулі азаматтар, сондай-ақ оңалту орталықтардың тәрбиеленушілері де қатыса алады.
Айта кетейік, қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай желтоқсанда қосымша бір күн демалады.