Павлодарда үйінді астынан ер адамның мәйіті табылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Үйінді астынан 1967 жылы туған ер адамның мәйіті табылды/фото: shutterstock

Павлодар қаласында салынып жатқан ғимарат үйіндісі астынан 58 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Оқиға «Казахстанская правда» көшесіндегі құрылыс алаңында болған. Нысанда еден плитасы құлаған.

Павлодар облысының полиция департаменті оқиға фактісі бойынша қылмыстық кодексінің «құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сондай-ақ оқыңыз