Астанадағы тұрғын үйде кондиционер қондырғысы құлады: зардап шеккендер бар
Жарияланды

Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбетінде орналасқан кондиционер қондырғысы мен сыртқы кірпіш қаптамасы опырылып түсті. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Оқиға Алматы ауданы Тәуелсіздік даңғылы 24Б мекенжайындағы үйде болған.
Бірінші қабаттағы дүкеннің кіреберісінде 150 шаршы метр аумақта қаптама мен кондиционер қондырғысы құлағаны анықталды.
«Құтқарушылар зардап шеккендерді шығарып, қасбеттің одан әрі құлау қаупін жойды. Зардап шеккендер жедел жәрдем бригадасына тапсырылды», – делінген ақпаратта.
Бұған дейін Павлодар қаласында салынып жатқан нысанда үйіндісі астынан 58 жастағы ер адамның мәйіті табылды.