Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық атанды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
General News бөлімінің тілшісі
Рыбакина WTA қорытынды турнирінің жеңімпазы атанды / Фото: Қазақстан Олимпиада комитеті

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Эр-Рияд қаласында өткен WTA қорытынды турнирінің финалында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы жеңіп, турнирдің чемпионы атанды. Қорытынды есеп – 2:0 (6:3, 7:6).

Бірінші сетте Рыбакина өз ойынын сенімді бастап, қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Қазақстандық спортшы брейк жасап, 6:3 есебімен алғашқы сетте жеңіске жетті.

Екінші сет одан да тартысты болды. Қос теннисші де өз доптарын ұстап, тай-брейкке дейін жетті. Сол жерде Рыбакина төзімділік танытып, жеңісті жұлып алды.

Бұл жеңіс Еленаның мансабындағы ең ірі жетістіктерінің бірі. Осылайша WTA қорытынды турнирінің чемпионы атанып, 5,235 млн доллар көлемінде жүлде алады. Бұл сома шамамен 2,7 миллиард теңгеге тең және әйелдер теннисі тарихындағы ең қомақты сыйақының бірі саналады.

Турнир барысында Рыбакина әлемнің үздік теннисшілерін бірінен соң бірін жеңді: америкалық Аманда Анисимованы, польшалық Ига Швентекті, ресейлік Екатерина Александровты және финалда Арина Соболенконы жеңді.

Сондай-ақ оқыңыз