Солтүстік Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
жол жабылды
Жауыл салдарынан жол опырылып кеткен / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Солтүстік Қазақстан облысында қатты жауын-шашын мен ауыр жүк көліктері қозғалысы салдарынан «Тимирязево – Сарыколь – облыс шекарасы» автожолының 0-30 шақырым аралығында жол жамылғысы бүлінді. Бұл туралы ҚазАвтоЖол хабарлайды.

Осыған байланысты 2025 жылғы 9 қараша сағат 11:00-ден бастап аталған учаскеде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Сол себепті көліктің барлық түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

Костанай қаласынан Тимирязев ауданына қатынау үшін жүргізушілерге келесі республикалық маңызы бар балама жолдарды пайдалану ұсынылады:

  • KAZ03 «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыколь – Костанай (айналма жол) – РФ шекарасы (Қайрақ өткізу пункті)», 553–768 км аралығы;
  • KAZ13 «Жезқазған – Арқалық – Петропавловск», 673–786 км аралығы;
  • KZ15-05 «Волошинка – Сергеевка – Тимирязево», 56–119 км аралығы.

Жол қозғалысын 2025 жылғы 11 қараша сағат 11:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.

Бұған дейін Павлодар облысында көлік қозғалысы шектелген.

Сондай-ақ оқыңыз