Түркияда ем алған Ербаян Мұхтар Қазақстанға оралды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Ербаян Мұхтардың жағдайы қалай екені белгілі болды
Ербаян Мұхтар Түркияда ем алып келді / Фото: kursiv.media архиві

Түркияда ем алған сарбаз Ербаян Мұхтар Қазақстанға оралды. Бұл туралы заңгер Инга Иманбай facebook әлеуметтік желісінде жазды.

«Қазіргі жағдайы тұрақты. Дәрігерлер ем толық әсер етуі үшін кемінде 3 ай уақыт қажет екенін айтты. Сол себепті үш айдан кейін, Ербаян қайтадан Ыстнбұлға барып, емінің реабилитациялық бөлігін жалғастырады», – деп жазады Иманбай.

Ербаянның шетелде ем алуына Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың, ұшу мәселесін шешуге генерал Қайрат Үмбетов көмектескен.

«Екі рет шетелде ем алу – үлкен еңбек пен жанашырлықтың нәтижесі. Алайда жарақатының ауырлығына байланысты өзгеріс бірден байқалмай отыр. Бұл – дәрігерлер күтетін де, біз түсінетін де процесс. Соған қарамастан, Ербаян өзіне лайықты өмір сүру үшін күресіп жатыр. Оған осы жолда сіздердің қолдауларыңыз күш беріп келеді», – дейді Инга.

Ербаян 2 қыркүйекте емінің екінші курсын алу үшін ата-анасымен Ыстанбұлға ұшып кеткен болатын.

Еске сала кетейік, Ербаян Мұхтар әскерде жүріп, бас-ми жарақатын алғаннан кейін, комаға түскен. Министрлік оның азаматтық емханада қаралуына рұқсат бергенімен, емхана біраздан соң сарбазды үйге шығарып жіберген. Осыдан кейін оның отбасы қазақстандықтардан көмек сұрап, Ербаянның еміне қаржы жинауға шот ашқан. Халық 140 млн теңге жинап берген. Осыдан соң оған Ыстанбұлда ота жасалған. 

Сондай-ақ оқыңыз