Полиция ДНҚ технологиясының көмегімен тоғыз жыл бұрынғы қылмысты ашты

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Полиция 9 жыл бұрынғы қылмысты ашты / Фото: kursiv.media

Полиция ДНҚ-технологияларының көмегімен 2016 жылғы кісі өлімі қылмысын ашты, деп хабарлайды Polisia.kz.

2016 жылы Астана қаласында 80 жастағы әйел өз үйінде қылмыскердің қолынан қайтыс болды. Қылмыскер оқиға орнынан бой тасалаған, ал криминалистер тек көзге көрінбейтін аз мөлшердегі биологиялық іздерді анықтады. Сол іздерден ДНҚ-код алынғанымен, тоғыз жыл бойы қылмыс ашылмай келді.

Жаңа технологиялардың көмегімен ІІМ-нің молекулярлық-генетикалық зертханасы ДНҚ-дерекқорында сәйкестік тапты. Нәтижесінде 65 жастағы күдіктінің жеке басы анықталды. Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды және жасаған қылмысын мойындады.

ІІМ өкілдері атап өткендей, қазіргі заманғы криминалистикалық құралдар қылмыскерді қылмыс жасалған уақыттан қанша жыл өтсе де, дәл анықтауға мүмкіндік береді.

«Бұл оқиға қылмыскердің жазадан қаша алмайтынының дәлелі», – деді ІІМ Жедел-криминалистикалық департаментінің бас криминалисі Айнұр Сәрсебаева.

Бұған дейін ДНҚ-технологиясы арқылы Лувр музейін тонаған екі күдікті анықталған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз