Алдағы аптада Тоқаев Путинмен кездеспек
Жарияланды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы аптада Владимир Путинмен кездеседі. Бұл туралы ресейлік БАҚ хабарлады.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге мемлекеттік сапармен келеді. Сондай-ақ Ресей президентінің жоспарына Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен кеңес өткізу де кіреді», – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 9 қазанда Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында өткен «Орталық Азия – Ресей» екінші саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге мемлекеттік сапары 12 қарашада өтетінін хабарлаған.
8 қарашада Қазақстан президенті Дональд Трамппен кездесіп, «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысқан.