Жұртты дүрліктірді: Ақтау мектептерінде «теракт болады» деген мәлімет тарады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Алматы мектеп таңдау
Сурет ЖИ көмегімен дайындалды, бильд-редактор: Дина Карамчакова

Ақтау қаласының мектептерінде «теракт болады» деген мәлімет мессенджерлер арқылы тарап, жергілікті тұрғындар дүрлікті. Маңғыстау облысының полициясы жұртты сабырға шақырды.

Жергілікті құқық қорғау органдары жалған ақпарат таратқан адамдарды іздестіріп жатыр. Полиция мұндай әрекетті «арандату» деп есептейді. Бұл туралы Lada.kz басылымы таратты.

«Қасақана жалған ақпарат таратқан адамдар анықталып, заңға сай жауапқа тартылады. Біз азаматтардан тексерілмеген мәліметті әрі қарай таратпауды, сол арқылы жұртты одан сайын дүрліктірмеуді сұраймыз», – делінген Маңғыстау облыстың полициясының мәлімдемесінде.

Мәліметтерге қарағанда, арнайы қызмет қаладағы білім беру мекемелерінің бәрін тексеріп шыққан.

«Әлеуметтік желілерде таралып жатқан мәліметке байланысты құзырлы органдар тексеру жүргізді. Білім беру мекемелері қауіпсіз деп танылып, оларға тиісті акт берілді», – деп хабарлады Ақтау қалалық білім беру басқармасы.

Соған байланысты 10 қарашада Маңғыстау облысының орталығындағы мектептерде сабақ әдеттегі тәртіп бойынша өте береді.

Сондай-ақ оқыңыз