Қуғын-сүргін туралы заң ұсынған қырғыз депутаттары Ресейге кіре алмайды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
қырғыз депутаттары Қырғызстан парламенті Жоғорку Кеңеш
Жоғорку Кеңеш депутаттары әнұран орындап тұр / фото: Жоғорку Кеңеш

Қырғызстан парламентінің үш депутатына Ресей аумағына кіруге тыйым салынды. Олар саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заң жобасын Жоғорку Кеңешке ұсынған.

Жанар Ақаев, Мирлан Самыйқожо және Шолпон Сұлтанбекова Ресейге кіруге тыйым салғаны туралы мәліметті Sosedi Asia телеграм-арнасы таратты.

«Себеп – өңірде русофобия тарату, сонымен бірге тарихты бұрмалауға бағытталған нақты заң жобасын ұсыну», – делінген телеграм-арна мәліметінде.

Қырғыз баспасөзі саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заң жобасын Жоғарку Кеңеш бір жыл бұрын қабылданғанын жазды. Құжат 1918-1953 жылдар аралығында саяси және діни көзқарасы үшін қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарды ақтауды көздейді.

Қырғызстан президенті заң жобасының бастапқы нұсқасын кері қайтарған. Содан кейін депутаттар құжатты бірауыздан қабылдаған.

Ресми мәлімет бойынша, көрші республикада 18 мың адам саяси қуғын-сүргін құрбаны болған.

Сондай-ақ оқыңыз