Қазақ жігіті жасаған стартап App Store-да Duolingo-ны басып озды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Aleem қосыишасы
Коллаж KursivюMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

21 жастағы Асылжан Алтай ағылшынды жеңіл үйренуге арналған Aleem қосымшасын дайындап шығарды. Қазір бұл қосымша App Store-да ең танымал қолданба атанды. Тіпті шет тілін үйренуге арналған әйгілі Duolingo-дан бұрын бірінші орынға шыққан. Бұл жайлы Асылжан тредстегі жазбасында хабарлады.

Асылжан Алтай – Шымкент қаласының тумасы, қазір АҚШ-та оқиды. Ол өзі де ағылшын тілін үйренемін деп жүріп, түрлі кедергілерге тап болған. Сондықтан өзі үшін шет тілін меңгерудің ерекше әдісін ойлап тапқан. Оның негізінде Aleem қосымшасы пайда болады.

«Әзірге қолданба тек iOS-та қолжетімді, андройд үшін бейімделіп жатыр. және тек орыс, ағылшын тілдері ғана бар, қазақ тілін енді іске қосамыз», – дейді Асылжан.

App Store-да білім беру бағыты бойынша қазір Aleem бірінші орында, ал Duolingo екінші орында тұр.

Бұған дейін құны 1 млрд доллар деп бағаланған Higgsfield AI стартапы жайлы жазған едік. Осылайша ел тарихында алғаш рет unicorn (сыңармүйіз стартап) мәртебесіне ие болды. 

Сондай-ақ оқыңыз