«Қызылжар» футбол клубы жекеменшікке өтті

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
«Қызылжар» футбол клубы жекеменшікке өтті / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Петропавл қаласында «Қызылжар» футбол клубының жеке қаржыландыру жүйесіне көшуіне байланысты маңызды келісімге қол қойылды. Құжат клубтың спорттық бренді, инфрақұрылымы мен активтерін жаңа меншік иесіне беру тәртібін айқындайды.

Бұл келісім президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асып отыр.

«Қызылжар» клубының жаңа инвесторы ретінде кәсіпкер Сергей Кан анықталды. Енді Кан клубтың даму стратегиясын, инфрақұрылымдық жобаларын және спорттық көрсеткіштерін жақсартуға жауапты болады.

Спорттық сабақтастық туралы құжат Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ), сондай-ақ FIFA және UEFA қолдауымен өтетін жарыстарға қатысуға қатысты құқықтар мен міндеттердің берілуін реттейді.

Осылайша, «Қызылжар» елдегі алғашқы жеке қаржыландырылатын футбол клубтарының бірі болмақ. Бұған дейін «Жеңіс», «Шахтер», «Қайсар» футбол клубтары жекеменшікке өтетіні туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз