Тоқаев балалары әскерде қаза тапқан аналардың арызына баға беруді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балалары әскерде қаза тапқан аналардың арызына 12 күнде баға беруді тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурорға әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен арыз-шағымды 12 күн ішінде қарастырып, істі тергеу барысында заңның сақталуына баға беруді тапсырды», – делінген Ақорда хабарламасында.
10 қарашада Астанада әскерде қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің аналарының қатысуымен митинг өтті. Олар ел басшылығына әскери қызмет жүйесін реформалауды және сарбаздардың қауіпсіздігін арттыруды талап етті. Бұған жауап ретінде Қорғаныс министрлігі жеке құрамның қауіпсіздік мәселелеріне басымдық берілгенін айтты.
Осыған дейін әскерде сарбаз өлімін тоқтату үшін Қорғаныс министрлігі telegram-бот іске қосқанын хабарлаған едік.