Қазақстан үстел теннисшілері Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы атанды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: ҰОК

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстанның ерлер құрамасы үстел теннисінен чемпион атанды. Бұл туралы ҰОК хабарлады.

Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев және Айдос Кенжіғұлов бастаған құрам финалда Иран құрамасымен күш сынасты. Тартысты өткен кездесуде отандастарымыз қарсыластарын 8:1 есебімен ойсырата жеңіп, алтын медаль иегері атанды.

Финалдағы жекелей және жұптық кездесулердің нәтижесі төмендегідей:

  • Алан Құрманғалиев / Айдос Кенжіғұлов – Беньямин Фараджи / Сейедмохаммад Мусавитахер – 2:1
  • Кирилл Герасименко – Сейедамирхоссейн Ходаи – 3:0
  • Алан Құрманғалиев – Беньямин Фараджи – 3:0

Енді Кирилл Герасименко мен Алан Құрманғалиев жеке және жұптық сайыстарда ел намысын қорғайды.

Айта кетсек, Ислам ынтымақтастығы ойындары – 57 елдің спортшылары қатысатын беделді көпсайыс, онда үстел теннисінен басқа да бірнеше спорт түрінен жүлделер сарапқа салынады.

Сондай-ақ оқыңыз