Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды

Зүлфия Сүлейменова Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметіне тағайындалды.
Зүлфия Болатқызы Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
2012 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдап, 2014 жылы халықаралық қатынастар магистрі дәрежесін алған. Кейін 2016 жылдан бастап Жапониядағы Ұлттық саясат зерттеулері институтында (GRIPS) PhD бағдарламасы бойынша білім алды.
Еңбек жолын 2013 жылы бастаған.
2014–2015 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік бөлімінде ғылыми қызметкер болды.
2015–2017 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясында (ЭСКАТО, Бангкок, Таиланд) қоршаған орта мен даму, энергетика және макроэкономикалық саясат бөлімдерінде жұмыс істеді.
2019 жылы БҰҰ Даму бағдарламасында (Түрікменстан және Қазақстан) және ЭСКАТО ұйымының қоршаған орта мен даму бөлімінде қызмет атқарды.
2020–2021 жылдары – Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті директорының орынбасары.
2021–2022 жылдары – Мәжілістің VII шақырылым депутаты, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды.
2022 жылдың наурызынан 2023 жылдың қаңтарына дейін – Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.
2023 жылғы 4 қаңтарда Зүлфия Сүлейменова Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрі қызметіне тағайындалды.
2023 жылғы 21 қыркүйекте Мемлекет басшысының өкімімен Президенттің кеңесшісі – халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі болып бекітілді.
Ал 2025 жылғы 25 қыркүйекте Президенттің жарлығымен бұл қызметтен босатылған еді.