2026 жылдан банктер шетел дүкеніне төленген ақша туралы деректі салықшыларға береді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан банктері мен төлем жүйелері шетелдік интернет-дүкендер мен онлайн-сервистерге жасалған төлемдер туралы мәліметті Мемлекеттік кірістер комитетіне (МКК) тапсыратын болады. Яғни шетелдік онлайн дүкеннен қанша ақшаға тауар сатып алғаныңды салық қызметкерлері біліп отырады.

Қаржы министрлігінің жаңа бұйрығына сәйкес, МКК әр тоқсан сайын «Smart Data Finance» жүйесінде (SDF) Қазақстанда интернет арқылы жұмыс істейтін шетелдік компаниялардың тізімін жариялайды.

Ал банктер мен төлем ұйымдары сол компанияларға аударылған ақша көлемі туралы есепті тоқсан аяқталғаннан кейін екінші айдың 15-іне дейін тапсырады.

Сонымен қатар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда азаматтардың табысын анықтаудың жаңа тәртібі күшіне енеді. Енді салық органдары адамның табысын «кері әдіспен» есептейді. Яғни егер азаматтың ресми табысы мен нақты шығыны сәйкес келмесе, салық қызметі оның нақты табысын шығынына қарап анықтайды.

Одан бөлек несие бюролары микроқажы ұйымдары (МҚҰ) мен коллекторларға қарыз азаматтар туралы мәліметті де салық орғандарына жолдап отырады

Сондай-ақ оқыңыз