«Назардан тыс қалмайды»: Бас прокурор қаза тапқан сарбаздарға қатысты ақпарат берді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Берік Асылов президент тапсырмасына қатысты ақпарат берді/фото: shutterstock

Бас прокурор Берік Асылов әскерде қаза тапқан сарбаздарға қатысты жазба жариялады.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев баласы әскерде қаза тапқан ата-ана арызына 12 күнде баға беруді тапсырды.

Асыловтың айтуынша, Бас прокуратура мен Бас әскери прокуратура басшылығы қаза тапқан және жарақат алған әскери қызметшілердің аналарын қабылдайды.

«Олардың уәжі назардан тыс қалмайды. Сондай-ақ әскери қызметшілердің қаза табуы мен жарақат алуын болдырмау жөніндегі жұмыстарға, әскери қызметке шақырудың заңдылығына және медициналық қызметтің қорытындыларының негізділігіне баға беріледі», – деді Асылов.

Бұл жұмысқа Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның орталық аппараттарының өкілдері тартылды.

Сондай-ақ оқыңыз