«Арсенал» мен «Қайрат» матчының билеттері Алматыдағы бағадан 5 есе арзан

Лондонның әйгілі «Арсенал» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде «Қайратпен» өтетін ойынының билеттері сатылымға қашан шығатынын хабарлады.
Клубтың ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, бұл ойын B санатындағы баға деңгейіне жатады. Билеттердің құны 44,80 фунттан 80 фунт стерлингке дейін (шамамен 30 мыңнан 50 мың теңгеге дейін) болады. Алдын ала тапсырыс беру 21 қарашада басталады.
Матч 2026 жылдың 29 қаңтарында Лондондағы әйгілі «Эмирейтс» стадионында өтеді. Бұл кездесу Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы, сегізінші туры.
Айта кетейік, бұған дейін «Қайраттың» Алматыдағы ойындарына билет бағасы 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейінгі аралықта сатылған. Осылайша, Лондонда өтетін матчқа бару Алматыдағыдан шамамен 5 есе арзанға түседі.
Қазіргі таңда «Арсенал» турнир кестесінде 12 ұпаймен «Бавариядан» кейін екінші орында, Микел Артета шәкірттері Чемпиондар лигасында әлі бірде-бір гол жібермеген команда. Ал «Қайрат» 36 команданың ішінде 34-орында келеді.
Бас бапкер Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері әзірге бір ұпай ғана жинаған. Алматылық команда өз алаңында «Пафоспен» 0:0 есебімен тең түсіп, өткен аптада сырт алаңда «Интерге» 1:2 есебімен есе жіберген болатын.