Түркістанда 9-сынып оқушысы сыныптасының соққысынан қайтыс болды

Жарияланды
буллинг
Түркістанда 9-сынып оқушысы сыныптасының соққысынан қайтыс болды / Фото: Shutterstock

Түркістан қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы мектептің 9 сынып оқушысы қайтыс болды. Қайғылы оқиға 3 қараша күні болған, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Алдын ала мәлімет бойынша оның кеудесінен сыныптасы ұрып-соққан.

«Оқушының қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы барлық қажетті іс-шаралар кешенін жүргізді. Алдын ала мәлімет бойынша тоғызыншы сынып оқушысы сыныптасының кеуде тұсынан ұрған. Соққы алған оқушы сол жерде қайтыс болған», – делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Күдікті мен оқиғаға қатысқан оқушылар ұсталған. Олардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапқа тартылған.

Сондай-ақ оқыңыз