Елена Рыбакина қазақстандықтарға алғыс айтты

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Елена Рыбакина қазақстандықтарға алғыс айтты / Фото: Қазақстан Олимпиада комитеті

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жанкүйерлеріне маусым бойы және Эр-Риядтағы WTA қорытынды турнирі кезінде қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдірді.

Алдымен ол қолдау үшін әр жанкүйеріне жеке алғыс айтатынын жазды. Стендтерде, экранда, хабарламалар мен матчтан кейінгі жылы хаттарда бәрін көргенін атап өтті.

«Қазақстан атынан жарысқа қатысып, сіздерге жағымды эмоция мен жеңіс сыйлағаныма мақтанамын. Әсіресе, көптеген жандар ракетка алып, тенниске келіп жатқанын көргенде қуанамын. Егер менің ойыным сізді армандауға, жұмыс істеуге және өзіңізге сенуге шабыттандырса, бұл менің ең үлкен жеңісім», – деп жазды Рыбакина.

Айтуынша, алдағы уақытта ол қысқа уақытқа демалыс алып, жаңа дайындық кезеңін бастайтынын айтты.

«Жеңістерде де, қиын күндерде де жанымнан табылғандарыңызға рақмет. Сіздер қолдауларыңыз – менің тірегім. Кортта кездескенше. Алға, Қазақстан!»- деп жазды спортшы Instagram-да.

Айта кетейік, осыған дейін Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде жеңіске жеткен еді. Ол бұл турнирді жеңген алғашқы қазақстандық және алғашқы азиялық теннисші атанды.

Сондай-ақ оқыңыз