Тоқаев Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Тоқаев Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады / Фото: Shutterstock

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия қарулы күштері ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көптеген адамның қайтыс болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, президент Режеп Тайып Ердоған мен бауырлас түрік халқына көңіл айтты», – делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, 11 қарашада Түркия қарулы күштерінің әскери ұшағы апатқа ұшыраған. C130 типті әскери ұшақ Әзербайжаннан Түркияға жол тартып, Грузия-Әзербайжан шекарасының аумағында құлаған. Іздеу-құтқару жұмыстары басталған. Түркияның Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, бортта 20 адам болған.

Сондай-ақ оқыңыз