Кремльде Тоқаев пен Путин кездесті

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Тоқаев Путин Ақорда
Кремльде Тоқаев пен Путин кездесті / Фото: Ақорда

Қазақстан президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге ресми сапары аясында президент Владимир Путинмен Кремльде бейресми кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев өзін Ресейде ыстық ықыласпен қарсы алғаны үшін Путинге алғыс айтып, әрі таңғалып әрі қуанғанын жеткізген.

«Мемлекеттеріміз арасында ешқандай түйткіл жоқ. Мәселе туындаған күннің өзінде президенттер мен үкімет басшыларының күш-жігері арқасында оң шешімін табады. Сіздің шақыруыңызды зор ықыласпен қабыл алдым. Расында, бүгін бейресми жағдайда пікір алмасамыз. Менің Өзіңізбен талқылағым келетін біраз пікір-пайымым бар», – деді Тоқаев.

Өз кезегінде Путин уақыт бөліп, Мәскеуге келгені үшін Тоқаевқа алғыс айтып, шын жүректен қуанышты екенін жеткізген.

«Әрине, біз ұдайы байланыстамыз. Алайда мемлекетаралық қатынастарда мұндай протоколдық дүниелер де маңызды. Бүгін бейресми жағдайда кездесіп, барлық өзекті мәселе бойынша әңгімелесеміз. Ал ертең әріптестермен бірге екіжақты қарым-қатынастың күн тәртібін қарастырамыз және перспективті бағыттарға назар аударамыз», – деді Путин.

Бұған қоса, ол екі елдің арасындағы байланыс осы жылы жақсы нәтижелерге қол жеткізгенін айтты. Айта кетейік, Тоқаев Ресейге ресми сапармен барды. Оны Ресей үкімет басшысының орынбасары Денис Мантуров ұшақ трапынан күтіп алып, кейіннен ол Мәскеудегі халықаралық қатынастар университетінің студенттерімен кездескен.

Сондай-ақ оқыңыз