Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді

Қазақстан, Қытай және Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды. Магнитудасы 3,9 балл болатын бірнеше дүмпу тіркелген.
Tengrinews.kz ақпаратына қарағанда, бұл туралы Қырғызстан сейсмология институты жедел мәлімет таратқан. Оған сәйкес, 12 қарашада Астана уақытымен 04:13-те Қытай, Қазақстан және Қырғызстанның шекаралас аумағында жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 3,9 баллды болған.
Еске сала кетсек, бұған дейін жер сілкінісі Өзбекстанда да болған еді. 11 қарашада жергілікті уақытпен (Астана уақытымен де) 22:32-де магнитудасы 3,9 балл болатын бірнеше дүмпу тіркелген. Эпицентр Наманган облысының Касансай ауданында, 16 шақырым тереңдікте орналасқан. Жерасты дүмпулері Қырғызстан аумағында да сезілді.
Түркістан облысы мен Шымкентте жер сілкінісі болды.