«Шахтёр» футбол клубы 50 млн теңгеге аукционға шығарылады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Аукцион 26-27 қарашада өтеді/фото: shutterstock

«Шахтёр» футбол клубы 50 млн теңгеге аукционға шығарылады. Оны Freedom Holding Corp. негізін қалаушы Тимур Турлов сатып алады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімі Ермағанбет Бөлекпаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Әкімнің сөзінше, аукцион 26-27 қарашада өтеді. Футбол клубын сатып алуға қызығушылық танытып отырғандар болса, аукционға қатыса алады.

«Шахтёр» футбол клубы 50 млн теңгеден асатын сомаға аукционға шығарылады. Ол жерде ештеңе жоқ. Инфрақұрылымның бәрі облыс әкімдігі меншігінде», – деді Бөлекпаев.

Ол сондай-ақ өңірдегі футболға қатысты Тимур Турловты кәсіпкер емес, меценат санайтынын айтты.

Бұған дейін Қарағанды облысында футболды дамытуға 18 млрд теңге инвестиция тартылатыны айтылды. Оның 12 млрд теңгесі футбол академиясы құрылысына, 6 млрд теңгесі өңірде жастар футболын дамытуға жұмсалады.

Сондай-ақ оқыңыз