Тоқаев «Белгісіз жауынгер бейіті» ескерткіш мемориалына гүл шоғын қойды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Бір минут үнсіздіктен кейін оркестр Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындады / фото: Ақорда
Бір минут үнсіздіктен кейін оркестр Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындады / фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапары жалғасып жатыр.

Екінші күн Александр бағындағы «Белгісіз жауынгер бейіті» мемориалына гүл шоғын қою рәсімінен басталды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бір минут үнсіздіктен кейін оркестр Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындады. Содан соң Құрмет қарауылы еліміздің ресми делегациясының алдынан салтанатпен сап түзеп өтті.

«Қазақстан Ұлы Жеңіске зор үлес қосты. Майданға 1 миллион 200 мыңнан астам қазақстандық аттанып, олардың тең жартысы ерлікпен қаза тапты. Бес жүзден астам отандасымыз Кеңес Одағының Батыры атанды», – делінген хабарламады.

Мұның алдында Кремльде Тоқаев пен Путиннің кездескені туралы хабарлаған едік.

Сондай-ақ оқыңыз