Тұмау күшейгенде, оқушылар онлайнға шыға ма

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
балалар арасында тұмау
Тұмау күшейгенде оқушылар онлайнға шыға ма / фото: shutterstock

Қазір елде эпидмаусым басталды, көпшілік арасында тұмаумен ауырғандар көбейді. Мұндай кезде оқушылар онлайнға шыға ма? Оған елдің Бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова жауап берді.

«Оқушылар арасында апта сайын мониторинг жүргізілуде. 2794 мектепте мониторинг жүргіземіз. Осы мәлімет бойынша, қазіргі уақытта оқушылар арасында аурушаңдық 10%-дан аспайды. Ал 30%-дан асып кетсе, сонда ғана онлайн форматқа ауысады», – деді ол.

Әзірге елде оқушыларды онлайн форматқа шығаратындай жағдай байқалмаған.

Дәрігерлерді түсіндіруінше, елде эпидмаусым басталды, тұмау тәрізді жұқпалы аурулар өршиді. Бұл шамамен қазан-сәуір аралығына дейін болады.

Қазір Алматы, Астана қаласында, Шымкент, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында тұмау тарап жатыр. Осы өңірлердегі ауруханалар науқас көбеюіне байланысты 80-90% толған.

Шымкенттегі дәрігерлер балалар арасында тұмау өршіп, ауруханалар лық толғанын айтады. Тіпті туғанына қырық күн толмаған нәрестелерге де жұғып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз